jasqazaq.kz

Илья Ильин мәлімдеме жасады

24 желтоқсан 2018, 11:04

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Катарда өткен жарыста не үшін тұғырға шықпағанын түсіндірді.

2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға жолдама ойнатылып жатқан турнирде Қазақстанның ерлер құрамасы командалық жарыста бірінші орын иеленді. Ең ауыр салмаққа тапсырыс берген Ильин тұғырға шығудан бас тартты.

«Иә, жарысқа шықпадым. Өздеріңіз білетіндей омыртқамдағы жарақатым сыр берді. 1 ай ем қабылдауым керек. 2019 жылы Қытайда өтетін Азия чемпионатына қатысамын. Неге дейсіздер ғой. Себебі, Токиода 2020 жылғы Олимпиадаға қатысу үшін спортшы алты халықаралық жарысда өнер көрсетуі керек. 4-еуінде жақсы нәтиже болуы шарт. Сол үшін Азия чемпионатына қатысамын», — дейді зілтемірші Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында .

Илья Ильин өз кезегінде жерлестерін жеңістерімен құттықтады.

Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин Катар өтіп жатқан Олимпиада-2020 кубогы лицензиялық турнирінде ең ауыр салмаққа тапсырыс беріп, тұғырға шықпаған болатын.

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты