jasqazaq.kz

Илья Ильин денсаулығы жайлы айтып берді

20 қараша 2018, 10:33

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Instagram парақшасында денсаулығы туралы ақпаратты бөлісіп, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында алтын медальды жеңіп алуға үміт ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Дәрігерге бардым. Сөйлестік. Омыртқа жотамның үш жері зақымданған екен. Бәлкім, бұл туралы пост жазатын шығармын, ойланып көремін. Бірақ, дәрігер жақсылап жұмыс істеу қажет екенін айтты… Қарапайым адамға мүмкін емес, ал маған болады. Өйткені, менің мақсатым бар, оған жетуге тиіспін… Алдымен бір ай зілтемірсіз физиотерапия, ем-дом жасап, бұлшықеттерімді сомдап, сосын сатылай ауыр атлетикаға көшу қажеттігін ұқтырды. Осы жерде онымен келісемін, көп рахмет оған, ол жақсы адам. Мен спортшымын, тек алға жүруге тиіспін. Командам жақсы, олар маған көмектеседі, бүкіл елім қолдап тұрғанда, алтын медальды жеңіп аламыз! Баршаңызға мені уайымдап, қолдағандарыңыз үшін көп рахмет! Бұл мен үшін аса маңызды! Токио Олимпиадасына қарай жылжи береміз», — деп жазды Ильин.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді