jasqazaq.kz

Илон Масктың спутниктері БҚО тұрғындарын шошытты (Видео)

23 мамыр 2021, 15:44

Батыс Қазақстан облысында Ақсай қаласының тұрғындары америкалық Илон Маск SpaceX корпорациясы орбитаға шығарған ғаламдық интернет жүйесіне арналған 60 Starlink спутнигінің ұшырылғанына куә болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қала тұрғыны Светлана Соловьева аспанда белгісіз шарлар қозғалған уақытта ол құрбысымен бірге аулада болғанын атап өтті.

«Түнгі сағат он жарымдар шамасында біз аспанда жарқыраған шарларды көрдік. Олар екі қатарға орналасып, әрқайсысында 30 данадан болып, Оралдан Ақтөбеге қарай бағытта жылжып кетті», — деді ол «Мой город» басылымына.

Куәгерлер шарлар пайда болып, кенеттен жоғалып кеткенін атап өтті. Алайда не болып жатқанын бақылап отырғандардың бірі аспандағы шарлардың қозғалысын камераға түсіріп үлгерді.

Кейінірек Ақсай қаласының тұрғындары өз қалаларының үстінде НЛО емес, американдық миллиардер Илон Маскқа тиесілі SpaceX американдық корпорациясы орбитаға шығарған ғаламдық интернет жүйесінің 60 Starlink спутнигі ұшқанын білді.

Жоба сәтті жүзеге асырылған жағдайда, жоғары жылдамдықты Интернет әлемнің қазір қол жетімсіз бөліктерінде пайда болады. Илон Маск орбитаға 12 мың спутник шығаруды жоспарлап отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде