jasqazaq.kz

Илон Масктің кемесі ғарыштан жерге оралды

03 тамыз 2020, 10:41

Илон Масктің Crew Dragon атты ғарыш кемесі астронавтармен бірге Мексика шығанағына келіп қонды.

Әлем космонавтикасындағы тарихи оқиғаны миллиондаған адам онлайн режимде бақылап отырды. Crew Dragon кемесінің 2 тамыз сағат 05:34 кезіндегі халықаралық ғарыш стансасынан ажырап, Жерге оралу сәтінің тікелей трансляциясы NASA мен Илон Маск компаниясының ресми сайтында көрсетілді.

Айта кетейік, біз бұған дейін Crew Dragon кемесінің бүгін жерге оралатынын хабарлаған болатынбыз. Оның бортында NASA ғарышкерлері Даглас Херли мен Роберт Бенкен бар.

Crew Dragon кемесінің халықаралық ғарыш стансасынан жерге дейінгі сапары 19 сағатқа созылды. Бүгін алдын ала белгіленген мерзім — Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00:48 кезінде кеме су бетіне келіп қонды. Репортаж коментаторларының айтуынша, ғарышкерлерді SpaceX Go Navigator кемесі мен құтқарушы катерлер күтіп алды. Олар құтқарушы кеменің бортына мінген соң медициналық тексеруден өтеді. Арада 4 сағат өткеннен кейін астронавтар Флоридаға жеткізіледі. Ал Илон Масктің Crew Dragon кемесі бірнеше айдан кейін қайтадан ғарышқа ұшуға дайын болады. Еске сала кетейік, 31 мамырда Crew Dragon ғарыш кемесінің ұшқаны хабарланған болатын. Ол — соңғы тоғыз жылда АҚШ-та шығарылған және оның аумағынан ұшырылған алғашқы ғарыш кемесі болды. Америкалық астронавтар Даглас Херли мен Роберт Бенкен 31 мамырдан бері екі ай бойы халықаралық ғарыш стансасы экипажының құрамында жұмыс істеді және ондағы миссиясын аяқтады.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия