jasqazaq.kz

Илон Маск сот алдында жауап береді

12 мамыр 2019, 13:55

SpaceX компаниясының бас директоры Илон Маск 2018 жылы Тайландтың солтүстігіндегі Кхао Луанг (Тхам Луанг) үңгірінде құтқару операциясына қатысқан ұлыбританиялық дайвер Вернон Ансворт жайлы ар-намысқа тиетін сөздер айтқаны үшін 22 қазанда сот алдында жауап береді.

Калифорния штатындағы Лос-Анджелес федералдық соты 10 мамырда осындай шешім қабылдады, — деп хабарлайды DW. Миллиардер сот инстанциясын талап-арыздан бас тартуға көндіруге тырысқан, алайда онысы сәтсіз болған. Tesla фирмасының басшысы Twitter желісіндегі парақшасында өткен жылдың 15 шілдесінде Ансвортты «педофил» деп атады. CNN басылымына берген сұхбатында ұлыбританиялық Илон Масктың жасөспірімдерді құтқару операциясына қосылу әрекетін қабылдамады және америкалық кәсіпкердің әрекетін «пиар-ход» деп бағалады.

Ол баларды құтқаруға арналған Масктың ұсынған шағын субмаринасында сынға алды. Сол кезде SpaceX құрылтайшысының Twitter желісіндегі парақшасына 22,5 миллион адам жазылған еді. Вернон Ансворт өзіне айтылған сөздерді «заңсыз» екенін айтты. Ол өтемақы ретінде 75 мың доллар талап еткен.

Дереккөзі: tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде