jasqazaq.kz

Илон Маск Қазақстанда Tesla қуаттау бекеттерін орнатпақ

15 наурыз 2019, 15:34

Қазақстанда Tesla электромобильдеріне арналған қуаттау бекеттері ашылады. Бұл туралы Tesla Motors компаниясының басшысы Илон Маск Твиттерде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лос-Анджелесте Tesla Model Y жаңа электромобилінің таныстырылымы өтті. Компания Лондоннан Бейжіңге дейін Supercharger қуаттау бекеттерінің жаһандық желісін құрғысы келеді. Сонымен бірге, әлеуметтік желіде тараған таныстырылымға қазақстандықтардың қатысқаны және компания басшысы Илон Маскке Қазақстанда бекет ашуды ұсынғаны туралы бейнежазбалар пайда болды. Жауап ретінде Илон Маск Қазақстанда қуаттау бекеттерін ашуға уәде берген. «Қазақстанда өте жақсы қолдау білдіріп жатыр. Онда да Supercharger орнатамыз деп ойлаймын», — дейді Илон Маск. Model Y көлігіне 15 дюйм болатын басқару экраны, дыбыс жүйесі орнатылған және төбесі шынымен жабылған. Standard Range нұсқасында сағатына 100 шақырымға дейін 5, 9 секундта оталады, Performance нұсқасында — 3,5 секунд. Қуатталған электромобильмен 320 және 450 шақырым жүруге болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде