jasqazaq.kz

Ілияс Карға қатысты үкім шықты

20 ақпан 2019, 14:49

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында жантүршігерлік жол апатын жасады деп айыпталған Ілияс Карға қатысты сот үкімі шықты.

Судья Ілияс Карды 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол қауіпсіздігі минимал мекемеде жазасын өтейтін болады. Сонымен қатар, ол көлік жүргізу құқығынан жеті жылға айырылды. Оқиға 2018 жылы 29 желтоқсанда болды. Mercedes Gelandewagen автомобилін жүргізген Ілияс Кар Mitsubishi Galant көлігін соққан. Нәтижесінде 33 жастағы жүргізуші Бақытнұр Құнапияұлы, 45 жастағы Шолпан Елгезекова және 40 жастағы Динара Хамитова қаза тапты. 41 жастағы Айзада Сатыбалдиева ауыр халде емханаға жеткізілген. Айта кетейік, осыған дейін жол апатын жасаған Ілияс Карды прокурор сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Ол Шакир Джумазовқа да қатысты шешім қабылдауды сұраған, себебі ол куәгер ретінде жол апаты болған күні айыпталушының ішімдік ішпегенін айтқан. Алмалы аудандық соты жантүршігерлік жол апатына кінәлі деп айыпталған Ілияс Кардың мүлкіне тыйым салды. Сот ісін қарау барысында, Елгезековадан 14 300 000 теңге моралдық айыппұл өндіру туралы арыз түсті. Арызда ол Кардың дүние-мүлкін тәркілеуді сұраған. Сот арызды қабылдады.

Дереккөз:  Тengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық