jasqazaq.kz

Ілияс Кардың ісі бойынша куәгер өз сөзінен айныды

13 ақпан 2019, 22:20

Ілияс Кардың ісі бойынша сот отырысында куәгердің бірі тергеу барысында айтқан өз сөзінен айныды.

Ілияс Карға жол ережесін бұзды, соның салдарынан абайсызда үш адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасын жасады және апат болған жерден қашып кетті деген айып тағылған. Сот отырысының бірінші күні сотталушының жары Альбина Ментянова және оның туысы Карим Таласан және оның жары Әсел Талассан жауап берді. Олар желтоқсанның 28-нен 29-на қараған түні Ильяс Кармен бірге «Дархан» мейрамханасында жаңажылдық корпоративте болғандарын, сосын Grand Opera караоке де барғандарын айтқан еді. Үшеуі де сол күні сотталушының ішімдік ішпегенін айтқан. Олардың айтуынша, алты жыл бұрын Кардың онкологиялық аурумен ауыратыны анықталып, сол себепті ішімдік ішуді тыйған. Екінші күні сотқа Ілияс Кардың досы — Шәкір Жумазов келді, ол онымен бірге корпоративте бірге болған. Прокурор оның сотқа дейінгі тергеу барысында берген жауабын еске салды. «Сіз былай дедіңіз: «Ілияс ішімдік ішті, бірақ қанша мөлшерде екенін білмеймін. «Дархан» мейрамханасында мен онымен шамамен 100-200 грам арақ іштім. Осыдан кейін Grand Opera караокесінде Ілияспен тағы бірнеше рөмке іштік. Ілияс масаң күйде болды, бірақ мас емес еді, себебі ол болып жатқан жағдайдың барлығын адекватты түрде өзін ұстады», — деп оқыды Шәкір Жумазовтың жауабын мемлекеттік айыптаушы Тимур Шамои. Алайда куәгер сұрау алған күні өзін жайсыз сезінгенін айтып ақталды. Оның айтуынша, ол мас болған және өзінің айтқандарымен толық таныспаған. «Ілияс сол күні көңілді жүрді, сол себепті мен оны масаң күйде деп ойладым. Мен өз жауабыма қол қойдым да, толық оқымастан кетіп қалдым. Жауап берер алдында мен сыра іштім, сол себепті менің басым ауырып тұрды. Ол менімен ұстақан соғыстырды, бірақ мен оныңне ішкенін білмеймін», — деді Шәкір Жумазов. Айта кетейік, осыған дейін Ілияс Кар сот отырысында өзіне тағылған айыптарға қатысты пікір білдірді.

Тengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде