jasqazaq.kz

Ілияс Кар жол апатынан соң оқиға орнынан қашқанын мойындады

19 ақпан 2019, 12:27

Алматыда Гелендвагенімен 4 адам отырған көлікті қағып, 3-уінің өліміне себепкер болған жүргізуші мұнысын да мойындады. Ілияс Кар бұл әрекетін өз өміріне төнген қауіппен байланыстырады. Бұл туралы КТК теларнасы хабарлады.

Ілияс Кар, айыпталушы:

— Оқиға орнынан қашып, оңбағандық жасағанымды мойындаймын. Мицубисиді қаққан соң, өз көлігімнен шығып зардап шеккендерге көмектестім. Жедел жәрдемді сол жердегілер шақырды. Жолда тоқтаған өзге көлік жүргізушілерінің ашуланып, боқтаған сөздерінен соң қорқа бастадым. Өз өміріме қауіп төнбей тұрғанда кетейін деп шештім.

33 жастағы айыпталушының айтуынша, осыдан кейін таң атқанша көпқабатты үйлердің ауласында жүрген. Кейін Масанчи көшесінің бойынан таксиге мініп, барахолканы бетке алады. Ондағы мақсаты: аяғына жылы етік, үстіне сырт киім мен телефон сатып алу. Түске таман өзіне қорғаушы іздеп, қан құрамындағы алкогольге сараптама жасатуға барған. Прокурор алғашқы сот отырысының айыптау қорытындысында сотталушының ішімдік ішкенін айтқан болатын. Бірнеше айғақтарды алға тартты. Алайда Ілияс Кардың өзі мас күйінде көлік жүргізбедім деп отыр. Бүгін прокурор жол талғамайтын көлігімен желдей жүйткіп, 3 адамның өмірін қиған Ілияс Карды 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жол апатынан зардап шегіп, аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиева әлі ауруханада. Кезекті күрделі отадан соң әлі есін жимаған. Қазір марқұмдардың жақындары айыпталушыдан материалдық-моралдық шығын өтеуді талап етіп отыр.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді