jasqazaq.kz

Ильин өмір бойы спорттан шеттетіле жаздады

24 қантар 2018, 10:31


2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарының алтын медалінен айырылып қалған қазақстандық ауыр атлетші Илья Ильинді Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) екі жылға жарыстарға қатысудан шеттетті, деп хабарлайды Вaq.kz.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарының допинг-сынамаларын қайта тексерген кезде Ильиннің сынамалары оң нәтиже көрсеткен. Ильиннің ісіне тергеу жүргізіп жатқан IWF Дүниежүзілік допингке қарсы кодекске сәйкес, спортшыға қатысты ең ауыр жаза тағайындауы мүмкін еді. Ауыр атлетші допингке қарсы ережені екі рет бұзғанымен, IWF оның қателерін бір рет жасады деп қарастырды.

«Егер дипонгке қарсы ұйым спортшыға бірінші рет ережені бұзғандығы жөнінде хабарлама жолдаса ғана екінші рет ереже бұзуы «тағы допинг қолданды» болып саналады. Ал аталған ұйым біріншісі туралы хабарлама жібермесе, онда спортшының екінші рет бұзғаны есепке алынбайды. Егер екі жағдай да назарға алынып, екеуінде де спортшы хабардар болса, онда ол өмір бойы спорттан шеттетіледі», — деп жазылған Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның кодексінде.

Ильин 2012 жылы Лондонда допингке қарсы ережені бұзғанға дейін 2008 жылғы Пекиндегі Ойындарда допингке қарсы ережелерді бұзғандығы туралы хабарлама алмаған. Сондықтан да IWF оның Лондондағы ереже бұзуын екінші рет бұзды деп қарастырмады.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды