jasqazaq.kz

iKOMEK109 елорда тұрғындарының өтінішін қабылдап жатыр

08 сәуiр 2022, 11:07

Осы жылдың басынан бастап iKOMEK109 қалалық орталығына 661 мыңнан астам өтініш түсті. Қала тұрғындарын негізінен денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, абаттандыру және т.б. мәселелер алаңдатады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының ссайтында жарияланды.

Сонымен қатар, қалалық орталықтың бейнебақылау инспекторлары тәулік бойы iKOMEK109 ахуалдық орталығы арқылы 16 мыңнан астам бейнебақылау камерасымен мониторинг жүргізеді. Бұл қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін маңызды. Бейнебақылау жүйесі арқылы инспекторлар қардың жиналуы, су басу, қоқыстың жиналуы фактілерін тіркейді, сол сияқты полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге құқықтық тәртіпті қадағалайды.

«Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы қардың уақытылы шығарылуын бақылайды және мониторингілейді. Осының арқасында коммуналдық қызметтер қала аумағы мен елді мекендерде қарды уақытылы жинау және шығару жұмыстарын жүргізуде», — деп атап өтті iKOMEK109 қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

Бейнебақылау камералары арқылы жолдар мен аулаларды су басқан жағдайда жедел тәртіппен арнайы техника жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, iKOMEK109 Бірыңғай байланыс орталығына мына жолдармен хабарласуға болады:

— 109 нөміріне қоңырау шалу (қалалық және ұялы телефондар үшін тегін)
— қала әкімдігінің ресми сайты арқылы;
— Telegram чат-боты арқылы;
— iKOMEK109 (PlayMarket/AppStore) мобильді қосымшасы;
— Smart Astana (PlayMarket/AppStore) мобильді қосымшасы;
— Facebook – @ikomek109, Instagram – @Ikomek109
— электрондық пошта 109@ikomekastana.kz.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр