
Мәскеуде полиция Иисус есімді азаматты қамауға алды.
Ол тәртіп сақшыларына тіл тигізген көрінеді.
mk.ru сайты жазғандай, полиция көшеде итін қыдыртып жүрген Мәскеу тұрғыны Иисус Воробьевті тоқтатып, құжатын сұрайды.
Друзья, максимально дикая ситуация — на Патриарших арестовали мужчину, который выгуливал собаку. Собака осталась одна! Максимальный репост!
Видео: Снежана Майская pic.twitter.com/TdDG4jEPiH
— Патриаршие (@patriarshi) April 4, 2020
Бірақ ол бұған көнбей, тәртіп сақшыларына «маған десеңдер, өліп қалыңдар» деп айтқан деседі. Осыдан кейін оны полиция бөлімшесіне әкеткен. Ал қараусыз қалған ит өзі үйін тауып барыпты.
Ауыр сөз айтуға полиция қызметкерлерінің өзі түрткі болғанын уәж еткен Иисус Воробьев енді оларды сотқа беретінін мәлімдеді. Бірақ бұл әрекетінен бірдеме шығарына өзі де сенбейді.
Jas Qazaq -Aqparat