jasqazaq.kz

ІІМ ЖСН-дегі «қателіктерге» байланысты түсінік берді

04 сәуiр 2019, 11:23

ҚР ІІМ-нің Миграциялық қызмет комитеті бұқаралық ақпарат құралдарында мекемелер мен қызмет көрсету орындарының жеке сәйкестендіру нөміріндегі (ЖСН) қателікке байланысты төлем қабылдаудан бас тарту мәселесіне байланысты жағдайды түсіндірді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Қазақпарат хабарлайды.

БАҚ-та салық қызметі, банктер мен өзге де ұйым, мекемелер тарапынан төлем қабылдаудан және кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартып отырғаны туралы ақпарат тарады. Мұның басты себебі ақпарат құралдарының хабарлауынша, ЖСН-дегі мәліметтер адамның туған күнімен, немесе туған жылымен кейбіреуінде тіпті жынысымен сәйкес келмейді. «Біз өз тарапымыздан мұндай әрекеттерді заңсыз дер едік. ЖСН туу туралы куәлік берілген кезде автоматты түрде қалыптасады (2009 жылға дейін ол жеке құжатты немесе жеке куәлікті дайындаған кезде қалыптасатын) және ол өзгермеу, теңдессіздік прициптеріне негізделген», — делінген хабарламада. Бұл дегеніңіз — Қазақстанның әрбір азаматының өзінің жеке ЖСН-і болады және ол өзге адамның ЖСН-імен сәйкес келуі мүмкін емес, сонымен қатар ЖСН бір рет беріледі де, ол сол адамның өмірінің соңына дейін өзгермейді. Бұл жерде ЖСН-дегі цифрлар техникалық тұрғыдан ғана маңызды, ең маңызды мәселе оның коды екенін айта кету керек. ЖСН құрамын тексеру үшін арнайы 12 цифр ойластырылған және ол арнайы формула арқылы оқылады. Сол себепті банктер, емханалар мен өзге де мекемелер ЖСН-ді тексеру қажет болған жағдайда осы 12 цифрлық формуланы қолданулары керек. Ұлттық банкке, Денсаулық сақтау, Қаржы министрліктеріне, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы сияқты ұйым, мекемелерге ҚР ІІМ-гі тарапынан тиісті түсініктеме берілді. Банктер қолданатын компьютерлік бағдарламаларда ЖСН-ді тексеру алгоритмі қайта жасалды. Енді ол азаматтардың жеке мәліметтерімен байланыстырылған.

24.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда