jasqazaq.kz

ІІМ оқушының соққыға жығылғаны түсірілген видеоны тексеріп жатыр

25 қантар 2019, 14:40

Қазақстанның ІІМ өкілдері оқушының соққыға жығылғаны түсірілген тағы бір видеоны зерттеп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыртқы және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде дәретханада түсірілген видео таралып жатыр. Онда жасөспірімді бірнеше адам соққыға жығып жатады. Видеоның қайда түсірілгені әлі анықталмады. ІІМ мәліметінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеуді бастау мәселесі қаралып жатыр. «Желіде жасөспірімнің соққыға жығылғаны түсірілген видеоға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша қылмыс құрамы болуына байланысты сотқа дейінгі өндіріс қозғау мәселесі шешіліп жатыр», — деп хабарлады Садубаев. Полиция қазіргі уақытта видеодағы жасөспірімдерді іздестіріп жатыр. Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Түркістанда мектеп оқушыларының соққыға жығылғаны түсірілген видео таралған еді. Кейінірек полицейлер мектеп оқушыларын ұрып-соққандарды анықтаған болатын. Түркістанда жедел баспасөз мәслихаты өткізіліп, Түркістан облыстық білім басқармасындағылар осы видеоға қатысты пікір білдірген еді. Олардың сөзіне қарағанда, Түркістандағы үш мектептің — № 31, № 18, № 11 тоғызыншы сынып оқушылары анықталған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда