jasqazaq.kz

ІІМ: Көлік жүргізушілері қысқы доңғалағын салып алғаны жөн

31 қазан 2022, 14:24


Еліміздің ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілеріне күн райының бұзылуына байланысты көлігінің доңғалағын қысқы шинаға ауыстыруы керегін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қыс мезгілі басталғанда көлік қозғалысы ерекше назар аударуды қажет етеді. Оның өз ережелері мен талаптары бар. Мәселен, заңнамаға сәйкес қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) көліктерге жазғы доңғалақпен жүруге тыйым салынады. Қысқа арналған шина көлік құралының барлық доңғалағына орнатылуы керек», — деді ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, көлік жүргізушілері қысқы ауа райын ескере отырып, сапарды алдын ала жоспарлаған жөн.

«Төтенше жағдай қызметінің хабарламасына құлақ асқан абзал. Қолайсыз ауа райы жағдайында жолға шықпауға кеңес беріледі», — дейді ол.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр