jasqazaq.kz

ІІМ Қазақстанда түнде болған тәртіпсіздіктер: 200-ден аса адам ұсталды

05 қантар 2022, 12:23

Ішкі істер министрлігі түнгі тәртіпсіздіктер кезінде елде 200-ден аса адам ұсталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еліміздің бірқатар аймағында заңсыз акциялар өтті. Жергілікті атқарушы органдар мен прокуратураның ескертулеріне қарамастан, тұрғындар арандатушылық шақыруларға бой алдырып, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіре отырып, құқыққа қарсы әрекеттер жасай бастады.

Сонымен қатар, жекелеген топтар жолдарды жауып, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын бұзып, көлік қозғалысына тосқауыл қойды. Құқық қорғау және құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне шабуыл жасалды.

Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында әкімдіктерге шабуыл жасалды, онда әйнектер, есіктер сындырылып, басқа да материалдық залал келтірілді. Тас, таяқтарды, газ, бұрыш баллондарын және жанғыш қоспасы бар бөтелкелерді пайдалану жағдайлары болды», — дейді ІІМ өкілдері.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу және тәртіп бұзушыларды ұстау бойынша заңда көзделген шаралар қабылдағаны хабарланды.

«Заңсыз әрекеттер салдарынан ішкі істер органдарының 95 қызметкері жараланды. 37 қызметтік автокөлік бүлінді. Билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасаудың 13 дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 200-ден астам адам ұсталды.

Ішкі істер органдары халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр», — делінген хабарламада.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр