jasqazaq.kz

ІІМ: Қаржы пирамидасын жарнамалаған жұлдыздар жауапқа тартылуы керек

08 ақпан 2022, 14:37

Ішкі істер министрлігі қаржы пирамидаларын жарнамалаған жұлдыздарды жауапқа тартуды ұсынды. Ведомство ұсынысты прокуратураға жіберген. Себебі аз уақытта үлкен пайдаға кенелгісі келетін азаматтар саны өскен. Тек өткен жылдың өзінде ғана мұндай ұйымдардан 30 мың адам зардап шегіп, жалпы 54 миллиард теңгеден айырылған.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жиналған қаржыны салып, аз уақытта көбейтуді әншілер, блогерлер мен актерлер, спортшылар ұсынады. Ал полицияға арыз жазған тұрғындар осы тектес ұсыныстардан кейін сеніп қалғандарын айтады екен. Алайда қазір қаржы пирамидаларын жарнамалаған әншілер мүлде жауапқа тартылмайды.

Ал алаяқтарға келетін болсақ, бүгінгі таңға дейін 126 адам жауапқа тартылған. Олардың 38-і сотталса, қалғанына қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қамауға алынғандар арасында «Гарант 24 Ломбард» ұйымдастырушылары (17 адам жапа шеккен) бар. Сонымен қатар «L-Капитал» пирамидасының екі көшбасшысы сот шешімін күтуде. Бұл пирамидадан зардап шеккен 300 адам 260 миллион теңгеден айырылған.

Ал «Evolution corp.» алданған жандардан 3 млрд теңге жинаған. Ұйымның барлық мүлкі тәркіленген, сондықтан жапа шеккен жандардың жолы болған дейді. Көбіне алаяқтардың қаржысы шетелге шығарылғандықтан табу қиынға соғады екен.

«Қабылданған шараларға сәйкес жылжитын және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды, оның ішінде 60 көлік, 4 пәтер, 5 жер телімі, 31 жеке үй бар. Іс сотта қаралып жатыр. Біздің ойымызша, қаржы пирамидасын жарнамалау, жарнамаға қатысты қылмыс құрамын тексеру және сәйкес қылмыстық жауапқа тарту тиімді шара болмақ. Сәйкес ұсынысты Бас прокуратураға жолдадық», — деді ҚР ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжа Әділов.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр