jasqazaq.kz

ІІМ: Қаңтар оқиғасына қатысқандарды қатаң жазалау мақсат емес

19 сәуiр 2022, 15:34

Ішкі істер органдары қаңтар оқиғаларына қатысқандарды қатаң жауапкершілікке тартуды мақсат етіп отырған жоқ. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің тергеушілер өндірістегі қылмыстық істер бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын әр адамның жеке басын зерделейді және оларды жаппай тәртіпсіздік барысында қылмыс жасауға итермелеген мән-жайларды анықтайды. Бұл ретте, барлығын барынша қатаң жауапкершілікке тартуға бағытталған мақсат қойылған жоқ», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Оның атап өтуінше, ішкі істер органдары тергеушілері «қаңтар оқиғалары» бойынша негізінен жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған ұрлықпен және жымқырудың басқа да түрлерімен байланысты қылмыстық істерді тергейді. «Жаппай тәртіпсіздіктің ұйымдастырушылары мен қатысушыларына, сондай-ақ террористік шабуылдарға қатысты тергеуді арнаулы прокурорлар жүргізеді», — деді Санжар Әділов.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр