jasqazaq.kz

ІІМ: Елімізде ер адамдар жиі жоғалады

31 қазан 2022, 13:09


Елімізде ер адамдар жиі жоғалады. Ал әйелдер арасында көбіне спирттік ішімдікті асыра пайдаланатындар, қолайсыз отбасынан шыққандар жоғалады екен. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Нұрлан Темірбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Статистика көбінесе ер адамдардың жоғалатынын көрсетіп отыр. Бұл олардың маусымдық жұмыстарға, (көлік жүргізу, жүк тасымалдау тағы сол сияқты) түрлі қызметтік іссапарларға шығуымен байланысты. Әйелдер арасында көбіне спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатындар, ал жасөспірімдер бойынша қолайсыз отбасынан шыққандар жоғалып жатады», — деді Нұрлан Темірбаев министрлікте өткен брифингіде.

ҚР ІІМ өкілінің мәлімдеуінше, хабар-ошарсыз жоғалып кететін 100 адамның 80-і табылып, жақындарына қайтарылады.

«Кәмелетке толмағандардың үйінен қашатын себебі ата-анасымен жанжалдасып қалуы немесе ата-анасы ішетін болғандықтан балалары бөлек тұрғысы келеді. Ата-ана құқығынан айырғаннан кейін оның балаларын арнайы орталықтарға жібереді. Яғни балалар үйіне. Кейде балалар ол жерден де қашып кетіп жатады. Бұның соңы адамның жоғалуына алып келеді, сосын іздеу салынады. Сондай-ақ балалардың ұзақ уақыт ойын клубтарында жүруі мен ата-ананың жазасынан құтылу үшін үйден және мектептен қашу фактілері орын алады», — дейді ол.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр