jasqazaq.kz

ІІМ: «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниясы басшыларының бірі Чехияда ұсталды

05 желтоқсан 2022, 12:11

Чехия астанасы Прагада халықаралық іздеуде жүрген «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы басшыларының бірі ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен аптада жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Ішкі істер министрлігі Интерпол ұлттық орталық бюросының қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлесіп шет мемлекеттер аумағында халықаралық іздеу жарияланған бірқатар қылмыскерді ұстады», — деді Шұғыла Тұрлыбек министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

ІІМ өкілінің айтуынша, қазір барлық фигуранттар қамауда, оларды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Сондай-ақ ұсталғандар арасында «БИПЭК авто — Азия авто» компаниясы басшыларының бірі бар.

«Чехия астанасы Прагада Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін ШҚО Экономикалық қылмыстар департаменті іздеу салған «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы басшыларының бірі ұсталды.

Одан бөлек, Испанияда трансұлттық қылмыстық ұйымның құрамында «Questra holdings», «Questra World», «Atlantic Global Asset» ЖШС қаржы пирамидасын құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін Астана полиция департаменті іздеу жариялаған Ресей Федерациясының 35 жастағы азаматы ұсталды», — деді ол.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта