jasqazaq.kz

ІІМ Арыста адамдардың жоғалып кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды

26 маусым 2019, 17:18

Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында 350 адамның жоғалып кеткені туралы ақпаратқа байланысты ресми мәлімет берді.

«Арыс қаласында жарылыс болған күні 350 адам жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Сол күні аталмыш ақпарат бойынша уақытылы мәлімдемелер жасалды. Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Арыс қаласының тұрғындарын эвакуациялау және олардың кім екенін анықтау бойынша барлық тиісті шараларды жүргізді. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі тұрғындарды әлеуметтік желілер арқылы және WhatsApp желісі бойынша таралатын жалған ақпаратқа сенбеулерін және үрейге бой алдырмауды сұрайды» делінген ресми мәліметте. Министрлік қасақана жалған ақпарат таратқандар ҚР қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын, арнайы құрылған жедел штаб арқылы тараған ресми ақпараттарға ғана сену керектігін ескертеді. «Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс жасайтындығын еске саламыз. Тәулік бойы 8/7252/44-94-72 немесе 8/7252/35-33-66 телефон нөмірі бойынша қажетті ақпаратты ала аласыздар» делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тапты. 170-ке жуық адам зардап шекті. 20-ға жуық үй, 9 қора-қопсы жанып, далалы аумақта 14 ошақ тұтанды. Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90 проценті әртүрлі деңгейде зақым келді. Бірқатар өңірде шұғыл желілер құрылды.

24.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық