jasqazaq.kz

ІІД: қолында балтасы бар қылмыскер Kaspi Bank-ты тонады

14 қазан 2017, 11:58

Полиция қызметі Шымкенттегі бөлімшесін тонауға қатысты мәлімдеме жасады. Шымкенттегі Kaspi Bank бөлімшесін тонауға бір адам қатысқан. Ол қомақты қаржы 23 млн теңгені қолды қылыпты.

Бұл жайында Sputnik Қазақстан хабарлады.

Мекеме тарапынан берілген мәліметке сәйкес, банктің «дабыл тетігі» жұма күні сағат 19.40 кезінде іске қосылады. Полицейлер оқиға орнына келіп жеткенде, қылмыскер ізін суытып үлгереді.

Банк қызметкерлерінің айтуынша, бетінде бетпердесі бар белгісіз біреу ғимаратқа басып келіп, жарылғышқа ұқсас затты еденге тастайды. Зат түтіндей бастаған кезде, ол қолындағы балтамен қорқытып, ақша беруді талап етеді.
Болған жағдайға байланысты ҚР ҚК 192-бабының 4-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдікті адамды ұстауға қатысты барлық шараларды жүзеге асырып жатыр.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде