
Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабыл алды.
«Димаш Құдайбергеннің @kudaibergenov.dimash Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым. Осы эстафетаны ҚР Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағанбетовке жолдаймын»,- деп жазады Игорь Крутой өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.