jasqazaq.kz

Иесінің көзінше қойын ұрлаған

06 сәуiр 2020, 15:35

Түркістан облысы полицейлері иесінің көзінше қойын ұрлаған күдіктілерді ұстады. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ол қойын үйіне айдап келу үшін мал жайылымға бара жатқанда 50 метр қашықтықта белгісіз екі адам бір қойды көлігіне салып жатқанын көреді. Оның «тоқтаңдар» дегеніне қарамастан күдіктілер қойды көлікке артып, қашып кетеді. Аталған жайт ҚР ҚК 188-1-бабы бойынша тіркелді. Жәбірленушінің айтуы бойынша оқиға орнында Қазығұрт АПБ учаскелік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Иесінің көріп қойғанына қарамастан, малын ұрлаған күдіктілерді «ізін суытпай» ұстау мақсатында барлық қажетті тексеру жұмысы жасалды. Коронавирусқа қатысты қойылған блок-бекеттегі полицейлерге көліктің нөмірі айтылып, мұқият қарап, өткізбеу туралы хабарлама берілді. Жүйелі жасалған жедел әрекеттер нәтижесінде жарты сағат ішінде учаскелік полиция инспекторы күдікті көлікті көріп, тоқтатады. Сол сәтте көлікті жүргізіп отырған тұрғын шығып, қашып үлгереді. Ал, екінші күдікті ұсталды. Ол көрші ауылдың тұрғыны болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады.

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)