jasqazaq.kz

Иесін өлтіріп көлігін сатуға қойған

16 желтоқсан 2017, 11:15

Алматы облысының полициясы таксисті өлтірді деген күдікпен екі адамды ұстады, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Пышақталған ер адамның мәйіті 12 желтоқсан күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Амангелді ауылының маңынан табылды. Полицейлер марқұмның кім екенін анықтады.

Ол Volkswagen Golf 4 көлігімен жеке тасымалдаумен айналысқан 28 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты.
Күдіктілер екі тәуліктен кейін ұсталды.

«Күдіктілер Талдықорған дәмханаларының бірінде ұсталды. Олардың айтуынша, қылмыс Алматыда жасалған, оны жасыру мақсатында зардап шегушінің мәйітін облыс аумағына әкеліп тастаған. Қылмыс қаруы болған қалта пышағы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды», — деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Күдіктілер — Кебұлақ ауданының екі тұрғыны. Олар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған: бірі қарақшылық, екіншісі алаяқтық жасаған.

Белгілі болғандай, таксистің автокөлігі интернет арқылы сатуға шығарылған.

ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Sputnik

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды