jasqazaq.kz

Иегова куәгерлері баласына екпе жасатуға қарсы

11 қыркүйек 2019, 11:01

Павлодар облысында Иегова куәгерлері баласына екпе жасатуға үзілді-кесілді қарсы. Биылдың өзінде бір ғана Ақсу қаласында 52 бүлдіршінге вакцина салынбаған. Бұл аздай, аталмыш діни бағытын ұстанушылар енді тепсе темір үзетін жігіттерді әскерге жіберуден де бас тартып жатыр. Осыған шамданған бір топ белсенді жастар бүгін Иегова куәгерлерінің кеңсесіне жиналды. Алайда діни бірлестік өкілдері павлодарлық белсенділерді табалдырығынан аттатпады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Павлодардағы Иегова куәгерлері ұйымының кеңсесі. Қоршауы биік ғимаратқа бөтен адамның кіруі мүмкін емес. Ал іштегі шырттай киінгендер шетелден келген қонақтар екен. 250-ге жуық азамат Иегова куәгерлерінің конгрессіне и қатысуға жиналған. Жиынға белсенді жастар мен дәрігерлер қатыса алмады. Ұйым өкілдері шақырылмаған қонақтарды есіктен кері қайтарды.

— Ол жерде егде адамдар .. бітті, рақмет.

— Сондай жақсы әңгімелесіп тұрып едік, жалғастыра берсек, бір-екі сұрағым қалды.

— Қуана келісер едім, бірақ келесі жолға қалдырайық.

Әсіресе дәрігерлер Иегова куәгерлерінен «көресінді көрдік деп» отыр. Өйткені олар өлім аузында жатса да, қан құйғызбайды. Ал балаларына екпе жасатуға мүлдем қарсы. Тек биылдың өзінде Ақсудағы 52 баланың ата-анасы вакцина салдырудан бас тартыпты.

Татьяна Лоренц, эпидемиолог:

— Екпе салынбаған баланың иммунитеті әлсіз болады. Ондайлар тез ауырады. Кейін басқаларға да жұғуы мүмкін. Яғни олар өзі екпе алмағанымен қоймай, басқа адамдардаға да қауіп төндіреді.

Дәрігерлер Иегова куәгерлерінің кесіренен жұқпалы дерт таралауы мүмкін деп дабыл қақса, жастарды алаңдататыны басқа мәселе. Олар аталмыш діни бағытты ұстанушылардың Отан қорғауға құлықсыз екеніне қапалы. Өйткені биыл он шақты Иегова куәгері әскерге бармаған. Соның себебін сұрауға келген белсенді жастар тағы да тұщымды жауап ала алмай тарқасты.

Ғабит Хафиз, жастар ұйымының мүшесі:

— Алдымен адам Отанын қорғау керек. Бұл жерде олардың Иегова куәгерлері құрамында бола тұра, әскерге бармауы менің азаматтық ұстанымыма қарсы. Себебі, кез келген жас адам 27 жасқа дейін әскери борышын өтеуі тиіс.

Иегова куәгерлері біздің елде діни бірлестік ретінде арнайы тіркелген. Сондықтан олар Отан алдындағы борышын өтеп, өзге де заңдарды бұлжытпай орындауға міндетті. Тіпті көптеген елдерде Иегова куәгерлерін «кстремистік ұйым» деп танып, қызметіне тыйым салған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде