jasqazaq.kz

IATA Bek Air әуе компаниясынан таңбалау кодын қайтарып алды

18 қантар 2020, 19:11

Халыаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Bek Air әуе компаниясынан таңбалау кодын қайтарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сіздердің компанияларыңыз таңбалау кодын мұнан ары иелік ете беру үшін 762 қарарға сәйкес IATA бекіткен біліктілік талаптарына сай келмейтіндігін хабарлайтындығымызға өкінеміз», — делінген әуе компаниясының ресми сайтын жария етілген IATA хатында. Сонымен қатар хатта 60 күннің ішінде қажетті тексеру шаралары жүргізілгеннен кейін әуе компаниясы үшін код қолжетімді болуы мүмкін екендігі айтылған. IATA әуе компаниясы коды –Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының әуе компаниясына екі немесе үш мәнді жеке сәйкестендіргіші. Әуе компаниясының кодын әуе компаниялары, билет сататын агенттіктер, авиациялық жолаушылар тасымалы саласындағы коммерциялық қызметтерге байланысты ақпаратты беру үшін өзге де кәсіпорындар қолданды. IATA кодтар тізімін жылына 2 рет жариялайды және онымен қауымдастықтың ресми сайтында танысуға болады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия