jasqazaq.kz

Huawei неге тұншықтырылды?

27 мамыр 2019, 14:37


Америка мен Қытай Huawei-ге байланысты алысып жатыр. 🥊 Оның басты себебі, телефон саудасы емес, қытай компаниясы 5G теxнологиясын дамытып жатыр.
Ол не деген сөз? Егер Жигулийдің 🚗 бағасына Мерседес сататын болса, қайсысын аласыз? Сол сияқты егер Huawei 5G инфрақұрылымын дамытып, IPhone-нан 📱 📲 әлдеқайда жылдам істейтін теxнология ұсынса, әлем тұтынушылары Huawei-ге өтіп кететіні айтпаса да түсінікті.
Сонда қанша жылдам дейсіз ғой… Айталық, егер 3G-мен бір киноны 🎞 бір тәулікте жүктеп алсаңыз, 4G арқылы 5 минутта, ал 5G-мен 3 секунда жүктейсіз.
Иә-иә, 3 секунд! 🕰 Басып үлгермейсіз, кино сияқты ауыр файлдың өзі жүктеліп қалады.
Американың арпалысып жатқанын түсінуге болады. 💵 Кезінде олар 4G шығарғанда экономикасы бірден $100 млрд өскен екен, ал 5G теxнологиясын енгізсе, 3 млн жұмыс орны ашылып, ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) $500 млрд-қа өспек.
«Бақытымызға орай», орысша айтсақ, «нам это не грозит», бізде әрең істеп тұрған интернетке 4G-деп белгі қоя саламыз, 5G де солай болатынына күмәнім жоқ.
Форма бар, мазмұн жоқ. Сөз бар, іс жоқ. Сыртымыз бүтін, ішіміз түтін. Қазақ қоғамы осындай ауруға тап болды. Синдромы жоғарыдағыдай. Атын өзіңіз қойып алыңыз.

Шыңғыс Мұқан  фейсбук  парақшасынан  алынды 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда