jasqazaq.kz

Хромтаудағы шахтада жарылыс болып, бір адам қаза болды

17 тамыз 2021, 10:39

Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында жарылыс болды деп хабарлайды Azattyq Rýhy Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

16 тамыз күні ұңғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан екі кенші жарылыс толқынының астында қалып, бір жұмысшы оқиға орында қаза тауып, екінші кенші жарақат алды.

«Жарылыс кезінде зардап шеккен кеншіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дереу Хромтау қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді. «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше оқиға жөнінде мемлекеттік органдарға хабарлма жіберілген», — деп жазады басылым.

Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Жарылысқа әкелген себептер туралы әзір белгісіз. Дөң кен байыту комбинатындағы «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» атындағы шахтадағы төтенше жағдай жөнінде құзырлы мемлекеттік органдар әзірге ақпарат берген жоқ.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия