jasqazaq.kz

Хромтауда автокөлік бір топ жасөспірімді басып кетті (видео)

15 қыркүйек 2019, 15:53

Хромтауда «Ваз» жүргізушісі бір топ жасөспірімді қағып кетті. Сегіз жасөспірім мен бастауыш сынып оқушысы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

14 қыркүйекте сағат 09:55-те Ақтөбе облысының Хромтау қаласында «Ваз 21140» автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған бір топ баланы қағып кеткен. «20 жастағы автокөлік жүргізушісі көлік тұрағынан жолдың жүру бөлігіне шығып, рөлді басқара алмай, жол жиегінде кетіп бара жатқан «Хромтау тау-кен техникалық колледжінің» студенттері мен кәмелетке толмаған балалар тобын қағып кеткен. Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, алайда біраз уақыттан соң полиция қызметкерлері оны ұстады. Көлік айып тұрағына жеткізілді», — дейді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері. Оқиға салдарынан колледждің 8 студенті мен орта мектептің оқушысы Хромтау қаласының аудандық орталық ауруханасына жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетілді. Зардап шеккендердің бір бөлігі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді, үш адам медициналық мекемеде жататын болады. Жарақаты ауыр емес. ЖКО дерегі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611-бабы 3-бөлігі бойынша (көлік құралын басқару құқығынан айырылған немесе көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның жол-көлік оқиғасына байланысты жүргізушінің міндеттерін орындамауы) және ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 3-бөлігі бойынша (көлік құралдарын жүргізушінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерін бұзуы, адамдардың денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан) іс қозғалды. Сондай-ақ жүргізушінің іс-әрекетіне құқықтық баға беру тексерісі жүргізіледі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде