
Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия бұрын заңға қарамастан тәркіленбей қалған ел аумағындағы объектілерге ревизия жалғастырып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бүгінде осындай 36 нысан (коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлік, жер учаскелері) анықталған.
«Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Храпуновтың 8 жер учаскесін тәркілеу туралы атқарушылық іс жүргізу қозғалды», — деді комиссия өкілдері.