jasqazaq.kz

Храпнуовтар Астанаға тергеуге шақырылды

13 қазан 2017, 13:32

Жемқорлыққа қарсы күресетін Ұлттық бюро Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның отбасы мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тексеруді бастады.

Тергеу барысында жемқорлыққа қарсы күрес қызметі олардың және сыбайластарының қылмыстық істеріне жеткілікті дәлелдерді тапқан. Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, қызмет өкілеттілігін асыра пайдаланды, мемлекет мүлкін иемденді, бюджет қаржысын жымқырды, алаяқтық жасады, пара алды деп айыпталып отыр.

ҚР Қылмыстық кодексінің 208 бабы 1 бөліміне сәйкес күдіктілер тергеуге шақырылады. Алайда Виктор Храпунов, оның әйелі Лейла Храпунова және баласы Ілияс Храпнуовтардың Қазақстан Республикасынан тыс аумақта екендігіне байланысты коррупцияға қарсы қызмет оларды тергеуге шақыруды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялап, хабардар етуге шешім қабылдаған.

Күдіктілер 2017 жылдың 17 қазаны сағат 15:00-ге дейін Астана қаласы, Сейфуллин көшесінде орналасқан Ұлттық бюро ғимаратына келуі тиіс.

Stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде