
Нұр-Сұлтанда жүк көлігі автобуспен соқтығысу салдарынан 20-дан аса ауруханаға жеткізілді.
Тengrinews.kz жазғандай, 23 қыркүйекте шамамен 15:00-де «Хова» маркалы жүк көлігін басқарған 1997 жылғы жүргізуші Байырқұм көшесі жағынан А-187 көшесімен қосалқы жолақпен келе жатып Мұстафа Кемал көшесінің қиылысында көлікке жол бермей, № 64 бағытта жүретін автобуспен соқтығысты», — делінген полиция хабарламасында. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі мен жолаушылары зардап шекті. Қалалық ауруханаға жеткізілген 22 жолаушы медициналық көмектен кейін үйлеріне жіберілді. Автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Тергеу жүріп жатыр.