
Хорватияда 4,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Хабар 24» unian.net баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісі Шибеник қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 14 шақырымдық жерде болған. «Бізге көптеген қоңырау түсті, адамдар қорқып қалған. Залал туралы хабарлама жоқ, тек тастың бір бөлігі қоршауға түсіп, көлікті қиратты», — деп хабарлады Шибениктің төтенше жағдайлар қызметі.
24.kz