jasqazaq.kz

Хоккейден Қазақстан құрамасы Германияны жеңді (видео)

27 мамыр 2021, 10:14

Хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топтағы көшбасшы Германияны жеңіп, плей-офф зонасына қайта көтерілді. Бұл туралы  zakon.kz хабарлайды.

Германияға қарсы матчта 3:2 есебімен Қазақстан жеңді.

Бұл Ригадағы әлем чемпионатының топ-дивизионында ойнап жатқан Қазақстан құрамасының үшінші жеңісі. Төрт ойында жеті ұпайымыз бар әзірге.

Жеңіс әкелген шайбаны үшінші кезеңнің соңында (56-шы минутта) Алексей Маклюковтың пасын алған Павел Акользин салды.

Немістер осылай Қазақстанға қарсы матчта ойламаған жерден турнирдегі алғашқы жеңілісіне ұшырап қалды. Қазақстан бірінші рет негізгі уақыттағы «таза» жеңісіне жетті.

Топтық кезеңде Қазақстан енді үш ойын өткізеді – 28 мамырда Канада, 29 мамырда Италия және 31 мамырда Норвегияға қарсы матч бар. Плей-оффқа топтағы үздік төрт команда шығады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия