jasqazaq.kz

ХҚО-лар сенбі күні қызмет көрсете бастайды

02 қыркүйек 2020, 11:09

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің шешімімен елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді. Енді олар қызмет алушыларды дүйсенбі-жұма күндері аралығында 09.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі 09:00-ден 18:30-ге дейін қабылдайтын болады. Дегенмен, құжаттандыру бөлімі (жеке куәлік, паспорт) жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ға дейін және сенбі 09:00-ден 14:00-ге дейін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды zakon.kz «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын елордалықтар ХҚО-ға тек дүйсенбі-жұма күндері аралығында жүгіне алатын. Сол себепті осы күндері жұмыс істейтін азаматтардың жұмыстан тыс уақытты таңдау мүмкіндігі шектеулі болды.Қызмет көрсету уақытының ұзаруы мемлекеттік қызмет көрсету процесін бірқалыпты етіп, елорда тұрғындарының сұранысына жауап беруге мүмкіндік береді.

Ал автоХҚО-ның жұмыс уақыты өзгеріссіз қалды. Көлік құжаттары жұмыс және сенбі күндері 09.00-ден 18:00-ге дейін қабылданса, дайын құжаттар 09.00-ден 20.00-ге дейін берілетін болады.

Сондай-ақ, әлі де карантин талаптарын сақтау сұралатындықтан, ХҚО-да алдын ала брондау арқылы тек қана қағаз жүзінде ұсынылатын қызметтер көрсетіледі. Қызмет алушылар ХҚО-дағы кезек уақытын egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондай алады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия