jasqazaq.kz

ХҚО-ға кезекті Telegram арқылы қалай брондауға болады?

18 мамыр 2020, 14:39

Халыққа қызмет көрсету орталығына кезекті Telegram боты арқылы брондауға болады. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін ХҚО-ға кезекті брондау әдісі көбейтілді. Қызмет алушылар ХҚО-ға кезекті egov.kz порталында немесе 1414 байланыс орталығында, сондай-ақ eGovKzBot2.0 Telegram ботының көмегімен брондайды.

«Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. Мобильді азаматтар базасына egov.kz электронды үкімет порталындағы виртуалды ассистенттің көмегімен тіркелуге болады. Сонымен, ХҚО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады», делінген хабарламада.

Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген sms келеді. ХҚО-ға келген кезде осы SMS хабарламаны көрсету арқылы кезекті алдын ала брондағаныңызды растайсыз.

Айта кетейік, қазіргі таңда eGovKzBot2.0 Telegram боты арқылы 28 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді. Олардың ішінде кең қолданысқа ие болғандары дәрігерді үйге шақыру, айыппұлды тексеру, медициналық мекемелерсінен анықтама алу, зейнетақы аударымдары туралы анықтама және т. б.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясы жағдайында және азаматтардың бір жерге шоғырлануын болдырмау мақсатында ХҚО-лар egov.kz порталында қағаз түріндегі мемлекеттік қызметтерді тек алдын ала брондау бойынша көрсетеді.

Egov.kz порталында онлайн брондау қызметі ХҚО-лар қызметіне қайта кірісе бастаған өңірлерде ғана істейді .

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия