
Қысқа уақыт ішінде бүкіл Қазақстан бойынша хитке айналып үлгерген “Зың-зың” деп аталатын әннің авторының кім екені белгілі болды.
“Зың-зың” немесе “Шымкенттің қыздары” деп аталатын ролик желіде жылдам таралып, көптеп қаралым жинап үлгерген болатын.
Ән музыкасының және мәтінінің авторы Болат Нұрымов есімді азамат екен. Ол өзінің авторлық құқық туралы анықтамалық қағазын желідегі парақшасына жүктеген.
Бұған дейін елді шулатқан “Зың-зың” әнінің ресми бейнебаяны жарыққа шыққанын жариялаған едік.