jasqazaq.kz

«Хэллоуин» тойламақ болған 105 жасөспірім полицияға жеткізілді

02 қараша 2018, 10:35

Демалыс күндері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қала аумағында «Демалыс» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Бұл туралы Алматы қаласы ПД Баспасөз қызметі хабарлады.

«2018 жылдың 31-ші қазанында біз түнгі уақытта кәмелетке толмаған балаларды анықтау үшін жастардың сүйікті демалыс орындарына жергілікті рейдтер жүргіздік. Сонымен қатар, біз, барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін барынша тарттық. Бұл күні жастар «Хэллоуин» мерекесін тойлайды және ол, әдетте, түнгі ойын-сауық орындарында өтеді. Осыған байланысты түнгі уақытта рейд жүргіздік, бұл ретте кәмелеттік жасқа толмағандардың көңіл көтеру орындарында және түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерлерде жүргендіктерін, ішімдік пен темекі өнімдерін сату фактілерін, айтқанды тыңдамайтын жасөспірімдерді, құқық бұзушылықтар мен тұрмысы төмен отбасыларды жасауға бейімділерді анықтадық. Тексеріс кезінде жасөспірімдердің ата-аналары өздерінің ұрпақтарының түнгі өмірін бақыламайтындығы анықталды және оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды», — деп хабарлады, Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Лейла Алипбаева.
Жалпы алғанда, «Хэллоуин» түні 105 жасөспірім әртүрлі құқық бұзушылықтары үшін, оның ішінде 77-сі әкімшілік құқықбұзушылық үшін тәртіп сақшыларына жеткізілді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 8 бала орналастырылды.
«кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерлерде жүргендіктері үшін 96 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компьютерлік клубтардың 9 жетекшісіне қатысты іс қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына әкімшілік жауапкершіліке тарту үшін жіберілді. Қаланың сауда нүктелерінде кәмелетке толмағандарға ішімдік өнімдері мен темекі бұйымдарын сату бойынша 2 факті анықталды. Ішкі істер органдарының есебіне 5 жасөспірім мен 6 нашар отбасы анықталды және тіркелді», — деп түйіндеді өз сөзін полковник Алипбаева.

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді