jasqazaq.kz

Ханкөл ауылындағы «елеске» қатысты тексеріс аяқталды (видео)

19 қараша 2020, 12:22

БҚО полицейлері өңір басшысының және полиция департаменті басшысы міндетін атқарушысының тапсырмасы бойынша жүргізілген ауқымды жұмыстар туралы айтып берді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ханкөл ауылының ондаған тұрғыны арасында сауалнама жүргізген, онда олардың елес көрген-көрмегені сұралған. Фактілер расталмады.

Дәлел ретінде тәртіп сақтаушылар видеоролик жариялады. Оған полиция департаментінің ресми өкілі пікір білдірді.

«Қаратөбе полиция бөлімінің қызметкерлері елес туралы видеоролик таратушыларды анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Видео 11 ай бұрын желідегі арналардың бірінде жарияланғаны белгілі болды. Адамдар жергілікті тұрғындардың ешқайсысы елес көрмегенін атап өтті. Біз қауесет таратқандарды анықтау бойынша жұмыс жүргіземіз», — деді Болатбек Белгібеков.

Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің басшысы Роман Дүйсенғалиев өңір тұрғындарын үрейленбеуге шақырды.

«Видеоның Ханкөл ауылына ешқандай қатысы жоқ. Бұл жалған ақпарат. Халық расталмаған мәліметке сенбеуі керек», — деді ол.

Еске салайық, мұның алдында Ханкөл ауылының тұрғындары шашын жалбыратқан қыздан үрейленіп отырғанын айтқан болатын. Олардың айтуынша, елес терезені қағады және тасжолдың бойында жүргізушілерді қорқытады. Жүргізушілердің кейбірі елес көліктің ішінде пайда болып, айдауға кедергі жасайтынын айтады.

Tengrinews.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі