jasqazaq.kz

«Хан Тәңірі» халық театры ашылды

29 қазан 2020, 11:35

      «Хан-Тәңірі» халық театры көп жылдық үзілістен кейін көрерменімен қайта қауышты. Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында Райымбек ауданының «Хан тәңірі» театры баспасөз конференциясын өткізіп, өнер сүйер қауымға М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэтикалық сазды драмасын ұсынды. Бұл туралы Талдықорған драма театрының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш шараға қоюшы-режиссер Асқар Наймантаев, ҚР Халық артисі  Тұңғышбай Жаманқұлов пен Райымбек ауданының әкімі Нұржан Құдайбергенов, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев қатысты.

 «Хан тәңірі» театры аталмыш шығарманы басқа қырынан көрсетіп, жаңаша сипатта сахналады. Қойылым адамзаттың сан түрлі ағымдарға қосылып, адасып бара жатқандығын, табиғатқа жасаған аяусыз қиянатын айқын суреттейді. Қарасаздық қос ақын Мұқағали мен Еркін Ібітановтың бейнелері қауышып, қойылымды ерекшелендіре түседі.

Мақпал Ноғайбаева

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия