jasqazaq.kz

«Хан Шатырдағы» бала өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

03 маусым 2019, 18:20

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаев «Хан Шатыр» бассейнінде мектеп оқушысының суға батып кетуіне қатысты түсініктеме берді.

«Бүгін орын алған қайғылы оқиғаға байланысты біріншіден ата-анасына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. «Хан Шатырға» жазғы сауықтыру лагеріндегі мектеп оқушылары барған. Жылда «Хан Шатырға» балалар осылай барып тұрады. Оған барғанда мектеп тарапынан, сонымен қатар «Хан Шатырдағы» нұсқаушылар тарапынан баланың қауіпсіздігіне байланысты барлық шаралар дұрыс орындалған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр», — деді ол. Басқарма басшысының орынбасары қайғылы оқиғаның қандай себептерден орын алғандығын қазір нақты айту қиын екендігін атап өтті. «Тергеу шаралары аяқталғаннан кейін осы оқиғаға қатысты қосымша ақпарат хабарлайтын боламыз. Қаза болған бала №10 мектептің 1 бірінші сынып оқушысы. Жазғы лагерге ата-анасының өтінішімен жазылған. Ата-аналар балаларын «Хан Шатырдағы» бассейнге апаруды өтінген. Бассейнге балаларды мектеп мұғалімдерімен бірге бірнеше ата-ана да апарған, болған. Жалпы бассейнге 200-дей бала барған», — деді Д.Жекебаев.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда