jasqazaq.kz

Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры пара алған

19 маусым 2020, 14:39

Алматы облысында Халықты жұмыспен қамту орталығының директорына пара алғаны үшін 12,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«11 маусымда «2021 жылға дейін өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алу үшін азаматтардан бірнеше рет 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Алматы облысы Жамбыл ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының директорына 12,5 миллион теңге айыппұл салынды», — деп хабарлады Биғайдаров брифингте.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 15 маусымда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Арапбаев пен Ергелдинов отыз еселенген пара мөлшерінде айыппұлға сотталды. Олар әрқайсы 30 миллион теңге төлеуі тиіс.

«Арапбаев Еркелдиновпен бірген коммерциялық кәсіпорын директорынан жүк автокөліктерінің кедергісіз өткізу және әкімшілік жауапқа тартпағаны үшін бір миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», — деп түсіндірді Биғайдаров.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі