jasqazaq.kz

«Халыққа жақын» жобасы: тұрғындармен кездесулер мен жеке қабылдау ұйымдастырылды

Бүгін, 15:30

Қызылорда облысында Қазақстан Халық Кеңесінің бастамасы – «Халыққа жақын» республикалық жобасы аясында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында тұрғындармен кездесулер және жеке қабылдаулар ұйымдастырылды.

Жобаның негізгі мақсаты – халықпен тікелей байланыс орнату, азаматтардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдау, оларды шешу жолдарын тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қарастыру.

Қабылдауға Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, республикалық мобильді топ өкілдері,30-дан астам орталық мемлекеттік органдар мен салалық мекемелердің жауапты мамандары қатысты.

Халық Кеңесінің мүшелері еңбек ардагерлерімен, зиялы қауым өкілдерімен және тұрғындарымен кездесті. Онда Президент реформаларын жүзеге асырудағы қоғамның рөлі, халықпен байланыстың жаңа форматтары талқыланды. Жаңа консультативтік органның қызметі, негізгі міндеттері мен өкілеттіктері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ тұрғындармен ашық пікір алмасып, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.

Кездесулерде «Таза Қазақстан» бастамасын ілгерілету, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру, жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру және Президенттің биылғы Жолдауында белгіленген міндеттер, соның ішінде «Халықтық құрылыс» жалпыұлттық жобасы кеңінен талқыланды.

Тұрғындардың басым көпшілігі тұрғын үй, жер учаскелерін алу және қайтару тәртібі, ауыл шаруашылығын қолдау, суармалы су көлемін арттыру, каналдарды бетондау, кәсіпкерлік бастамаларды қаржыландыру, жеңілдетілген несие мен субсидия алу мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар, педагогтердің еңбек жүктемесі мен аттестаттау тәртібі, ауылдық мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, тарихи-мәдени мұраларды сақтау, ауылдарға клуб салу, салық заңнамасындағы өзгерістер мен мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне қатысты сұрақтар қойылды.

Тұрғындардың сауалдарына қатысты жауапты сала мамандары түсіндірме берді. Қосымша зерделеуді қажет ететін ұсыныстар тиісті уәкілетті органдарға жолдау және бақылауға алу үшін тіркелді.

Қабылдау барысында ауыл тұрғындарына жылжымалы медициналық кешеннің қызметі де ұсынылды. Заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған кешенде дәрігерлер кеңес беріп, УДЗ, ЭКГ және өзге де скринингтік тексерулер жүргізілді.

«Халыққа жақын» жобасы – көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ететін маңызды бастама. Мұндай кездесулер халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың көкейіндегі мәселелерді тікелей талқылауға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу