jasqazaq.kz

Халыққа қызмет көрсету орталықтары қай күндері жұмыс істемейді ?

30 қараша 2021, 17:57

Мемлекеттік мереке – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 1 желтоқсан күні Қазақстанның ХҚО-лары мен мамандандырылған ХҚО-лары жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі таңда елімізде 334 халыққа қызмет көрсету бөлімі, оның ішінде 32 мамандандырылған бөлім бар. Онда азаматтар мемлекеттік қызметтердің 662 түрі бойынша жүгіне алады. Сондай-ақ азаматтар электрондық анықтамалар мен қызметтерді мереке күндеріне қарамастан, egov.kz порталы, egovkzbot2.0 телеграм-боты, egov mobile қосымшасы арқылы онлайн түрде кез келген жерден рәсімдей алады.

«Біз қазақстандықтарды желтоқсан айында атап өтілетін мерекелерімен құттықтаймыз. Көпшілік демалыс және мереке күндеріне дейін барлық құжатын түгендеп-жинастыруға, қандай да бір анықтамасын жаңартып қалуға тырысады. ХҚО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтінін еске саламын. Сенбі, жексенбі және мемлекеттік мереке күндері – демалыс», – деді мемлекеттік корпорацияның қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Байрам Азизов.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ 16-17 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты жұмыс істемейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде