jasqazaq.kz

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды (Видео)

15 қараша 2021, 17:41

Қызылордалық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді Алматыда ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.​

13 қараша күні Қызылорда облысы ПД және Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармаларының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген​ Қызылорда облысының екі тұрғыны Алматыда құрықталды. Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (Атыс қаруын қолданып, жасалған бұзақылық) және 24-бабы 3-бөлігі мен 99-бабының 2-бөлігінің 7,9-тармақтары (Бұзақылық ниетпен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен өлтіруге оқталған) бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда.


Ұсталған екі күдіктіге қатысты “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер күдіктілерді Алматы қаласы Турксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстаған. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау​ изоляторына қамаққа алынды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде