jasqazaq.kz

Халықаралық байқаушы: Елордада Сенат депутатын сайлау ел заңнамасына сай өтті

12 тамыз 2020, 14:32

Елордада Сенат депутатын сайлау ел заңнамасына сай өтті. Бұл пікірді Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі миссиясының басшысы, Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Рашад Маммадов айтты.

«Бұл сайлауға халықаралық байқаушы ретінде қатысып отырмыз. Өте көп кездесу өткіздік. Кеше Қазақстан Орталық сайлау комиссиясында кездесу болды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде де кездесу өткізіп, ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттармен келіссөздер ұйымдастырдық. Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаттарымен әңгімелестік. Ал бүгін Нұр-Сұлтан қалалық сайлау учаскесі ашылған сәттен, сағат 10-нан бері осы жерде жүрміз», — деді ол.

Оның атап өтуінше, Қазақстанда да, біздің Түркітілдес мемлекеттерде де коронавирус індетінің таралуына байланысты бұл сайлауға үлкен делегация келе алмаған. Түркі кеңесі осынау ұйымға мүше елдермен, құрылтайшыларымен ақылдаса отырып, Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының өкілдерінен шетелдік байқаушылар жасақтау туралы шешім қабылдаған.

«Әзербайжан биыл бұл ұйымға төрағалық етеді. Сондықтан ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлауды байқаушылар миссиясына Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде мен төрағалық қызметін атқарамын. Делегация құрамына Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Әзербайжан елдері кіреді. Бүгін біз кандидаттарды, байқаушыларды, БАҚ өкілдерін тіркеу сәтінен бастап мониторинг жүргіздік. Мәслихаттың Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиямен бірлескен отырысына қатыстық. Дауыс беру процесіне бақылау жасадық, ол өте жақсы, ашық өтті. Таңдаушылардың барлығына қолайлы жағдай жасалған. Өкінішке орай делегациямыз өте шағын болғандықтан Нұр-Сұлтан қаласынан басқа өңірлерге бара алмадық. Дегенмен, сайлаудың демократиялық жағдайда, Қазақстан заңнамасына сай өтті деп айтуға болады», — деді Рашад Маммадов.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия