jasqazaq.kz

Халық санағын жүргізетін фейк қосымша пайда болды

09 қыркүйек 2021, 16:17

Аndroid платформасына арналған PlayMarket сервисінде «Онлайн перепись населения-2021» мобильді қосымшасы пайда болды. Осыған қатысты Ұлттық статистика бюросы аталған платформаның ресми емес екенін мәлімдеді.

Ол қосымшаны қолдана отырып, санақтан өткен азаматтардың ұсынған бастапқы статистикалық мәліметтерінің құпиялылығы сақталатынына бюро кепілдік бермейді.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта респонденттерге санақтан онлайн режимде өтудің бірнеше жолы қарастырылған: SANAQ.GOV.KZ сайты, E-GOV порталында тіркелу және AITU мобильді қосымшасы.

Азаматтардың ыңғайлылығы үшін консультанттары бар санақ бұрыштары ұйымдастырылды.

Ұлттық статистика бюросы азаматтардың белсенділігі үшін алғыс айта отырып, санақты онлайн өтуге шақырады. Sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді болмақ.

Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады.

Барлық сауалдар бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.

ҚазАқпарат

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде