jasqazaq.kz

Халық санағы 2020 жылға қалдырылуы мүмкін

11 ақпан 2019, 11:01

Қазақстанда 2019 жылға жоспарланған халық санағы 2020 жылға шегерілді.

Үкіметтің 2010 жылғы ұлттық санақ жүргізу ережесі мен мерзімі туралы қаулысы бойынша республика азаматтарын санау әр он жылда жүргізілуі тиіс. Соңғы халық санағы 2009 жылы өткізілген еді.
Кезекті халық санағына дайындық 2017 жылы басталып кетті. Өткен жылдың қыркүйегінде ұлттық экономика министрі Тисмур Сүлейменов 2019 жылғы санақ электронды форматта екі кезеңде өткізілетінін мәлімдеген болатын. Ұлттық санаққа бюджеттен 8,8 миллиард теңге бөлінді.

Халықаралық әдістемеге сәйкес, халық санағын күз-қыс маусымында жүргізген оңтайлы болып табылады, делінген Sputnik Қазақстанның сауалына ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің берген ресми жауабында.

«Бұл ретте халық санағы үшін ақпан-наурыз оңтайлы уақыт болып отыр. Ұлттық санаққа дайындалу мен жүргізумен байланысты бірқатар ұйымдастырушылық және нұсқамалық жағдайларды ескере келе, Қазақстан халқының санағын 2020 жылдың басында өткізу шешімі қабылданды», — деп хабарлады статистика комитеті.

2020 жылы халық санағын жүргізу туралы үкімет қаулысының жобасы қазір мемлекеттік органдар және әкімдіктермен келісіліп жатыр. Қаулы жобасы қабылданған жағдайда халық санағы 2020 жылы 5 ақпан мен 5 наурыз аралығында өткізіледі.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда