jasqazaq.kz

«Халық қатысатын бюджет жобасы» аясында аулаларды абаттандыру қарқын алды

21 маусым 2022, 19:20

Шымкент қаласы Абай ауданындағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. 2014 жылдан бері жалпы 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңшасы салынды. 2021 жылы 21 көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру, 12 спорт алаңшаларын ағымдағы жөндеу, 35 спорт алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілді. «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілік есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін Абай ауданын аралау барысында атқарылған жұмыстарды көріп, жоспарлы құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.

Биыл аудандағы Республика 34 көпқабатты үй ауласында балалар ойын алаңшасы салынып жатыр. Алаңша құрылысы аяқталуға жақын. Мердігер мекеме нысанды 1 ай көлемінде ел игілігіне тапсыратынын мәлімдеді.

Шаһар басгысы құрылыс нысандарын тексеру барысында бірқатар ойын алаңшаларын аралау барысында Ә. Молдағұлова көшесіндегі № 44 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер ауласындағы салынып жатқан балалар ойын алаңшаларын көрді. Мұнда қазір балалар үшін қауіпсіз ойын элементтері орнатылуда. Мердігер алаңшаны шілде айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Айта кетерлігі, орнатылып жатқан ойын элементтері Шымкент қаласының кәсіпорындарында өндірілген, отындық өнім.

Жалпы Абай ауданындда бұл жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 17 ауланы абаттандыру және 10 спорт алаңшасын салу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталған. Толық аяқталғаннан кейін тұрғындарға пайдалануға беріледі.

Одан кейін қала әкімі М.Әйтенов № 45 мектеп-гимназиясының жанына салынып жатқан қосымша құрылыстың жұмыс барысымен танысты. Құрылыс Ш. Қалдаяқов көшесінің бойында 1,2909 га жер аумақта жүргізіліп жатыр.

Жаңа нысан 300 орынға лайықталған. Жоба бойынша мұнда жаттығу және гимнастикалық сабақтарға арналған спорт залы қарастырылған. Әрбір сынып бөлмесі 25 оқушыға шақталған 12 сынып болмақ. Сонымен бірге, қосымша 33 жаңа жұмыс орны құрылады. Құрылысы наурыз айында басталған нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.

Нысандарда аралап көрген шаһар басшысы мердігер мекемелерге құрылыс жүрігізу барысында сапаға мән беруді, барлық қауіпсіздік талаптарын сақтауды және құрылыс жұмыстарын мерзімінде пайдалануға беруді тапсырды.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр